Қазақстанда кохлеарлы имплант операциялары 20 жылдан астам уақыт бойы жасалып келеді. Осындай операциялар мемлекет есебінен тегін жүргізіледі. Бұл - есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға қолдау көрсетіп, көмектесіп жүрген сурдологтардың, хирургтардың, аудиологтардың және сурдопедагогтардың үлкен еңбегінің нәтижесі!