Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың логопедтеріне арналған оқыту курсы аяқталды
14.03.2025
ННПЦ РСИО
53
14 наурыз күні «АИБД ҰҒПО» РММ-де психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың логопедтеріне арналған оқыту курсы аяқталды.
Оқытудың алғашқы күндерінен бастап психикалық дамуында бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарын диагностикалау және кеңес беру бойынша практикалық дағдыларға, сондай-ақ ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды логопедиялық тексеруге ерекше назар аударылды.
Практикалық сабақтар барысында тыңдаушылар алған білімдерін түртіп алды. Барлық өңірлерден келген ПМПК логопедтері оқытушылар мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
✅Сабақтар аралас форматта өтті. Әр кездесу жаңа әрі пайдалы ақпаратқа толы болды. Тыңдаушылар курста алған білімдерін өз тәжірибесінде тиімді қолданады деп сенеміз.