Ата-аналарға арналған Академияның кезекті кездесуі...
19.03.2025ж. Орталық мамандары П. Досбол және Г. Омаргалиева ата-аналарға арналған Академия аясында кезекті кездесу өткізді.
Шараның бірінші бөлімінде ата-аналарға Монтессори әдісі таныстырылып, үй жағдайында арнайы даярланған Монтессори ортасын ұйымдастырудың негізгі ережелері мен талаптары түсіндірілді.
Кездесудің келесі бөлімінде «Ақпараттық-коммуникативті технологиялар арқылы баланың ойын әрекетін дамыту» тақырыбы қозғалды. Мамандар АКТ жүйесін қолдана отырып, үй жағдайында қандай ойын түрлерін ұйымдастыруға болатынын айтып, пайдалы сайттарды ұсынды. Сонымен қатар ата-аналардың қызығушылығы мен сұраныстарын ескере отырып, қосымша ақпарат берілді.
Кездесу соңында мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.