Құрметті әріптестер, достар және оқырмандар!
Баршаңызды көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, бірлік пен татулықтың мерекесі. Бұл күні әр шаңыраққа ырыс пен береке, құт пен мерей, бақ пен дәулет келсін!
Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптейтін, ағайын-туыс пен дос-жаранның басын қосатын бұл мереке әрбір отбасына қуаныш пен шаттық әкелсін!
Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұмысымыз берекелі болғай!
Ізгі тілекпен,
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы!