Елімізде «Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауы басталды

  • 31.03.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 62

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ «Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауы басталғаны туралы хабарлайды.
✅Байқау мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуі мен шығармашылық тұрғыдан өзінің қабілетін іске асыруы үшін жағдай жасау және олардың шығармашылық қызметін танымал ету мақсатында ұйымдастырылады.  
Байқауға оңалту орталықтарының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің және аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарының мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысады.
Байқау онлайн режимде екі кезеңде өткізіледі.
Бірінші (өңірлік) кезең – 2025 жылдың 1 сәуірінен 1 маусымына дейін, екінші (республикалық) кезең – 2025 жылдың 2 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін өтеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен ұйымдарды конкурсқа қатысуға шақырамыз.  
 
Байқау Ережесі special-edu.kz сайтында!