2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні!
2007 жылдан бастап жыл сайын 2 сәуірде Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күнін атап өтіледі. Бұл күн қоғамның аутистік спектр бұзылыстары туралы хабардарлығын арттыруға, инклюзия мәселелеріне назар аударуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қолдаудың маңыздылығын еске салуға бағытталған.
2020 жылы АИБД ҰҒПО-да аутизмі бар балаларға арнайы дамыту бағдарламалары әзірленді: «Аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту бағдарламасы» (А.К. Ерсарина, З.Б. Джангельдинова, Р.К. Айтжанова). Бағдарлама аутистік бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін оңалту орталықтарының, түзету кабинеттерінің, арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психологтарына арналған. Бағдарламаны ата-аналарды аутизмі бар баламен дамытушылық жұмысқа тарту мақсатында да қолдануға болады.
АИБД ҰҒПО сайтында әдістемелік ұсыныстармен танысуға болады: «Аутизмі бар оқушыларды жалпы білім беру процесіне қосудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері».