ПМПК логопедтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы
АИБД ҰҒПО-да 1 сәуірден бастап психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың логопедтеріне арналған «Балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының дифференциалды диагностикасы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізіліп жатыр.
Дәріс материалы толық көлемде инклюзивті білім беру саласындағы ҚР заңнамалық актілерін қамтиды. Курс сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды логопедиялық тексеру және балалардың әртүрлі сөйлеу тілі бұзылыстарын дифференциалды диагностикалау мәселелерінде логопедтердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыруға бағытталған.