Қазақстан Респубикасының заңнамасында дұрыс терминологияны қолдану маңыздылығы
3 сәуірде Астана қаласында ZOOM форматында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, АИБД ҰҒПО жетекші ғылыми қызметкері А.Д. Сейсенованың Қазақстан Республикасының заңнамасын мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілік құқықтарды анықтау және жою тұрғысынан ұлттық заңнаманы талдауға арналған баяндамасына назар аударылды. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының заңнамасында мүгедектігі бар тұлғаларға қатысты кемсітушілікті жоюға бағытталған дұрыс терминологияны қолдану маңыздылығын атап өтті.