Халықаралық балалар кітабы күні аясында, 9 сәуірде АИБД ҰҒПО тәрбиеленушілері С. Бегалин атындағы Орталық балалар кітапханасына танымдық экскурсия жасады.
Балалар түрлі жанрдағы кітаптары бар тақырыптық көрмелермен танысты. Олар «Ертегі кейіпкерін тап» атты мультимедиялық викторинаға белсенді қатысып, «Сенің алғашқы энциклопедияң» атты кітап шолуын мұқият тыңдады. Сондай-ақ «Менің алғашқы ертегім» әдеби ойыны мен «Сиқырлы сандықтан» викторинасына үлкен қызығушылықпен атсалысты.
Шара соңында балалар «Кішкентай үйлер – Кітапхана» атты танымдық мультфильмді қызыға тамашалады.
Бұл экскурсия балалар үшін кітаптар әлемінің сиқырлы әрі қызықты екенін ашып, оларға ұмытылмас әсер сыйлады.