Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаевтың арнайы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесуі
15.04.2025
ННПЦ РСИО
25
11 сәуір күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаевтың арнайы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесуі өтті.
Шарада ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Л.А. Бутабаева модератор ретінде және «Арнайы білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер» тақырыбында баяндамамен сөз сөйледі.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б Бейсембаев Арнайы білім беру саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы атап өтті.
????АИБД ҰҒПО директорының м.а. Т.Н. Керимбекова «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметі: жетістіктері мен даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.
✅Баяндамада орталық қызметінің трансформациясы, жаңа бастамалар мен жобалар, соның ішінде «Ата-аналар академиясы», «Қолдау навигаторы» анықтамалығы, арнайы педагогтер форумының нәтижелері мен келешек жоспарлар ұсынылды.