Сөйлеу тілі дамуының тежелістері бар балалардың сөйлеуді дамыту бойынша ата-аналарға арналған ұсыныстар

  • 17.04.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 19

Сөйлеу тілі дамуының тежелістері бар балалардың сөйлеуді дамыту бойынша ата-аналарға арналған ұсыныстар:
✅ Баламен жиі сөйлесіп отырыңыз, оған сөйлесу қажеттілігін сезінетін жағдайларды жасаңыз;
✅ әр түрлі тұрмыстық жағдайларда өзіңіздің және баланың іс-әрекеттеріне түсініктеме беріңіз.
✅ сөйлеуді қолданудың эмоционалды ойын жағдайларын жасай отырып, баланың заттық және ойын әрекеттеріне белсенді қатысыңыз;
✅ көптеген заттардың атауын үйретуге ұмтылмаңыз. Ең алдымен баланың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін сөз тіркестерін дамытыңыз;
✅ баланың сөйлеуге деген кез-келген талпынысын қолдаңыз: Сіздің балаңыз Сіз оны тыңдағыңыз келгенде ғана сөйлей бастайды;
✅ балаңызбен баяу, қысқа фразалармен сөйлесіңіз, дұрыс сөйлемді қолданыңыз, «балалар тіліне» өзіңіз ауыспаңыз және басқа ересектерге рұқсат бермеңіз; 
✅ күн сайын балаңызға ішкі ызаны көрсетпей кітап оқып беріңіз. Бір кітапты бірнеше рет оқу керек болса ашуланбаңыз;
✅ баланың әр сұрағына жауап беріңіз, баланың қызығушылығын, сұрақ қоюға деген ұмтылысын қолдаңыз;
✅ баланы басқа балалармен салыстырмаңыз.