ППТК және оңалту орталықтарының психологтары мен дефектологтарына арналған оқыту курсы аяқталды

  • 21.04.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 31

17 ақпанда «АИБД ҰҒПО» РММ базасында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының психологтары мен дефектологтарына арналған «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуде бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету» тақырыбындағы курс аяқталды.
Оқыту курсына еліміздің өңірлерінен арнайы білім беру ұйымдарының 25 маманы қатысты.
 
  Оқу барысында курс лекторлары арнайы білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ «Аутистік спектрдің бұзылыстары» және «Аутизм» ұғымдары жөнінде ақпарат берді.
Оқыту бағдарламасы қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуде бұзылыстары немесе қиындықтары бар балалар мен олардың отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету және олардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері бойынша теориялық білімнің кең спектрін қамтыды.
 
✅Лекциялар психологиялық-педагогикалық диагностика мен аутизмі бар балаларға көмек көрсету мәселесіне қатысты заманауи ғылыми негізделген тәсілдерге арналды.