Көру қабілетінің және сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалардың ұсақ моторикасын дамыту бойынша қалалық семинар

  • 22.04.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 17

22 сәуірде Алматы қаласының «№13 арнайы бөбекжай-бақшасы» КММ-де «Саусақ ұшындағы әлем: көру қабілеті және сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың ұсақ моторикасын дамытудың тәсілдері мен әдістері» тақырыбында қалалық семинар өтті. 
 
Іс-шара барысында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мүмкіндігі шектеулі балаларға (тұлғаларға) кәсіптік білім беру зертханасының әдіскері Г.Б. Самиева ғылым мен практиканың өзара іс-әрекеті туралы мазмұнды баяндама жасады.
 
Семинар аясында практикалық секциялар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды:
- көзі көрмейтін балаларда компенсаторлық құралдарды қолдану,
- криотерапия ұсақ моториканы және сөйлеуді ынталандыру әдісі ретінде,
- мозаикалық ойындар, пескография,
- Монтессори әдісі, гидрогимнастика, саусақ театры.
Сондай-ақ, бейнебаян көрсетіліп, ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар мен оқу құралдарының көрмесі өтті.
 
Семинар кәсіби диалог пен тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды.