Арнайы білім берудегі республикалық конкурстар: жаңа тәсілдер
АИБД ҰҒПО және қалалар мен облыстардың білім басқармаларының өкілдерімен кездесу өтті. Жиында педагогтерге арналған байқаулар – «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» және «Біздің таланттар» конкурстары бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге білім басқармаларының әдіскерлері қатысты. Модераторлар және бастамашылар ретінде Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері – Джангельдинова З.Б. және Калдыбаева А.А. сөз сөйледі.
✅Талқылаудың негізгі тақырыбы – талантты педагогтер мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған жаңа форматтар мен байқау критерийлері болды.
Кездесу қатысушылары мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасау және білім сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Байқау рәсімдерін жетілдіру, қатысушылар санын арттыру, бағалаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылды.
Қатысушылар байқаулар педагогтердің еңбегін тану, тәжірибе мен үздік іс-тәжірибелермен алмасу алаңы екендігін атап өтті.
Білім басқармаларының өкілдері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен педагогтерге арналған аталған байқауларды ұйымдастырғаны үшін Орталыққа алғыстарын білдірді.