Орталыққа Франция мемлекетінің Пуатье университетінің өкілі келді!

  • 30.04.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 22

29 сәуір күні АИБД ҰҒПО базасында Франция мемлекетінің Пуатье университетінің өкілі әлеуметтану ғылымдарының докторы, әлеуметтану доценті, «Оқыту, білім беру және даярлау мамандықтары» магистратурасының тең жетекшісі Уго Дюпонмен және Абай университетінің педагогика және психология факультетінің деканы Галия Абаевамен кездесу өтті.
 
Орталық мамандары шетелдік мейманға Орталық қызметін таныстырып, экскурсия ұйымдастырды. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы көмек көрсету, арнайы білім беру бағытындағы тәжірибелермен бөлісті. Өз кезегінде, Уго Дюпон да арнайы және инклюзивті білім беру жүйесіндегі өз тәжірибесі туралы айтып берді. 
 
✅Халықаралық ынтымақтастық аясындағы осындай кездесулер тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді!