Мамандар ата-аналарға баланы дамыту бойынша тиімді әдістерді көрсетті
Бүгін «Ата-аналар академиясы» жобасы аясында Орталық мамандары ата-аналармен кездесу өткізіп, балалардың мінез-құлқын түзету және дамуын қолдау әдістерімен бөлісті.
✍Алғашқы болып Орталықтың педагог-психологы Бектурганова Б.О. сөз сөйлеп, мидың функционалдық блоктары туралы айтып, психикалық тонусты арттыруға, жартышараралық байланыс пен өзін-өзі реттеуді дамытуға бағытталған нейропсихологиялық жаттығуларды көрсетті.
Келесі кезекте Орталықтың педагог-психологы Бақтығали А.Е. үй жағдайында қолдануға болатын сенсорлық интеграция әдісін таныстырды. Ата-аналар сенсорлық бұзылыстардың себептері, сенсорлық жүйелерді ынталандыру жолдары туралы ақпарат алып, түрлі ойындар мен жаттығулармен танысты.
Кездесудің соңында Орталықтың мамандары Ергалиева М.К. және Сатпекова А.А. балалардың жағымсыз мінез-құлықты түзету әдістері туралы баяндап берді. Мамандардың жетекшілігімен ата-аналар «Алдымен - кейін» стратегиясын тәжірибеде қолданып көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.