Қарағанды облыстық ПМПК-ның 25 жылдығына арналған республикалық конференция

  • 02.05.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 17

2025 жылдың 30 сәуірі күні Қарағанды қаласында Қарағанды облыстық психологиялық медициналық-педагогикалық кеңесінің 25 жылдығына арналған Республикалық стендтік конференциясы өтті.
 
Іс-шара аясында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директорының м.а. Керимбекова Тогжан Нурсабетовна «Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мен қанағаттандырудың әлеуметтік-педагогикалық моделін іске асыру туралы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, маңызды мәселелерге тоқталды.
 
✍Шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің арнайы және инклюзивті білім беру департаментінің директоры Бутабаева Лаура Аскаровна, ПМПК басшылары, Білім басқармаларының мамандары, арнайы білім беру ұйымдарының директорлары және т.б. мамандар қатысты.
 
ПМПК ұжымын 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жасаған еңбектеріңіз – болашаққа жол ашатын ізгі қадам! Жаңа белестер мен жарқын бастамалар тілейміз!