Психикалық дамуы тежелген балалар қалай білім алады?
Психикалық дамуы тежелген балалардың даму ерекшеліктері ескеріле отырып, олар арнайы мектеп/сыныптарда үлгілік оқу жоспарлары (№500 бұйрық) мен бағдарламалары ( №115 бұйрық) бойынша білім алады. Арнайы мектеп/сыныптарда балаларға психологтың және арнайы педагогтың көмегі көрсетіледі.
✍4-сыныпты аяқтағанан кейін немесе қажет болған жағдайда, оқушы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске (ПМПК) жіберіледі.
ПМПК-ның қорытындысы мен ұсынымдары негізінде оқушыға сәйкес келетін оқу бағдарламасы айқындалады.
✅Егер ПМПК шешімі бойынша оқушы оқу бағдарламасын толық меңгеріп, психикалық дамудағы тежелісі түзетілген деп танылса, ол білім алуды жалпы білім беретін мектепте жалғастыра алады.