Психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді
06.05.2025
ННПЦ РСИО
8
Орталыққа Балқаш қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК өкілдері іссапармен келді. Делегация құрамында филиал басшысы Құлмағамбетов Р.С., ғылыми-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Жаныбек М.К., бас дәрігер, әдіскерлер және басқа да мамандар болды.
✍Кездесу барысында қонақтар Орталықтың қызметімен танысты. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Сондай-ақ кабинеттерді жабдықтау бойынша ұсыныстар берілді.
Кездесу кәсіби тәжірибе алмасу және өзара ынтымақтастық аясында өтті.