Орталық маманы мінез-құлқында қиындықтары бар балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті

  • 16.05.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 27

2025 жылдың мамырдың 16 жұлдызында Алматы қаласындағы «№116 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында орта білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттеріне арналған қалалық семинар-тренинг өткізілді.
 
Аталған іс-шарада спикер ретінде Орталықтың жаңа технологияларды енгізу бөлімінің маманы Сатпекова А.А. сөз сөйлеп, мінез-құлқында қиындықтары бар балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, ол мектепке дейінгі жастағы балаға қатысты нақты жағдайды талдап, тиімді жеке бағдарлама құру мен түзете-дамыту жұмысының әдістемесін жан-жақты көрсетті.