«Ерте жастағы балаларға және олардың отбасыларына ерте қолдау көрсету» курсы

  • 16.05.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 69

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «АИБД ҰҒПО» РММ, «Дара» қайырымдылық қоры және «Шеврон» компаниясының «Мүмкіндіктер уақыты» бірлескен жобасы аясында 14 мамыр күні балаларға және олардың отбасыларына ерте көмек көрсету қызметін жүзеге асыратын психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.
Курстың тақырыбы: «Ерте жастағы балаларға және олардың отбасыларына ерте қолдау көрсету».
 
Білім беру бағдарламасының мақсаты – ерте жастағы балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету саласында арнайы педагогтердің, психологтардың, ЛФК нұсқаушыларының кәсіби білімі мен құзыреттіліктерін арттыру.
 
Білім беру бағдарламасының мазмұны:
  • - ерте қолдаудың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары;
  • - ерте қолдауды ұйымдастыру мен мазмұнына заманауи әдістер;
  • - ерте көмек көрсетуде командалық тәсіл;
  • - ерте жастағы балалармен дамытушы жұмыс жүргізудегі психологиялық-педагогикалық әдістер мен технологиялар;
  • - отбасыларға қолдау көрсету әдістері мен қағидаттары, сондай-ақ ата-аналардың баланың даму үдерісіне қатысуы.