Ата-аналар академиясы: балаға үй жағдайында қалай көмектесуге болады?

  • 21.05.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 35

21.05.2025ж. «Ата-аналар академиясы» жобасы аясында ата-аналармен кезекті кездесу өтті. 
Орталықтың педагог-логопеді Е.В. Харинская «Баланы мектепке тілдік тұрғысында дайындау» тақырыбында қызықты және пайдалы баяндамамен сөз сөйледі. Ол өз сөзінде:
- сөйлеу тілі дегеніміз не және ол қандай компоненттерден тұрады;
- сөйлеу тілінің фонематикалық және грамматикалық компоненттерін қалыптастырудың маңыздылығы туралы;
- дыбысты талдау, синтездеу және жазу дағдылары туралы;
- мектеп жасына дейінгі баланың дыбыстық айтылымның бұзылыстарының оқу мен жазуды меңгеру дағдыларына қалай әсер ететінін айтты.
Кездесудің екінші бөлімі «Үйде өткен материалды қайталауды қалай ұйымдастыруға болады» тақырыбына арналды.
Орталықтың сурдопедагогы Г.М. Шолпанкулова үй жағдайында оқыту бойынша стратегиялық ұсыныстарымен бөлісті:
✔ күн тәртібін сақтау және тұрақты түрде сабақ өткізу;
✔ баланың белсенділігі мен ресурсын ескеру;
✔ жақындарының оқу үдерісіне қатысуы;
✔ таймер, мотивациялық жапсырмалар, белгілер және көрнекі кестені пайдалану.