Көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларды кәсіби бағдарлау мәселелері №4 арнайы мектеп-интернатында өткен ата-аналар жиналысында талқыланды
2025 жылғы 21 мамырда Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты КММ «№4 арнайы мектеп-интернатында» жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Орталықтың бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер Сейсенова А.Д. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кәсіби бағдарлау мәселелері бойынша отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын ұйымдастыру» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы аясында баяндама жасады.
Көру қабілетінің бұзылыстары бар жасөспірімдер мен жастарды кәсіби-еңбекке даярлау және әрі қарай жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, бұл бағыттағы отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік мәселелері көтерілді.
Сейсенова А.Д. нормативтік-құқықтық актілердегі жаңалықтар туралы айтып, ата-аналар мен мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.