Балаларды оңалтудағы инновациялық тәсілдер: технологиялардан нәтижелерге дейін

  • 30.05.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 10

28 мамыр күні Астана қаласында «Балаларды оңалтудағы инновациялық тәсілдер: технологиялардан нәтижелерге дейін» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ (ҰБОО) болып табылады. Шараның ашылуында ҰБОО басқарма төрайымы Ажар Ғаният құттықтау сөз сөйледі. 
Конференция барысында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ әдіскер, логопед-дефектологы Естемесова Жанар Турдымуратовна «Зиятында бұзылыстары бар балалармен жұмыста қолданылатын балама және қосымша қарым-қатынас құралдарын қолдану ерекшеліктері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Өз сөзінде ол балама және қосымша қарым-қатынас құралдарының ерекшеліктеріне, түрлеріне және оларды тиімді қолданудың маңыздылығына тоқталды.
Конференцияға Қазақстан мен шетелден келген жетекші мамандар қатысып, балалардың өмір сапасын арттыруға бағытталған заманауи тәсілдер бойынша тәжірибе алмасты.