Жұмысшы мамандығы жылы аясында Алматы колледжінде «Ашық есік күні» өтті
Жұмысшы мамандығы жылы аясында Алматы технология және флористика колледжінде Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептер мен арнайы мектеп-интернаттардың 9-сынып оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шараны Алматы қаласының Білім басқармасы, Алматы технология және флористика колледжі, инклюзивті білім беру бөлімі ұйымдастырды.
Сонымен қатар іс-шараға ұйымдастырушы ретінде Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер А.Д. Сейсенова өз үлесін қосты. Ол ата-аналарға кәсіптік білім беру мүмкіндіктері мен балаларға оқу барысында жасалатын жағдайлар туралы толық ақпарат берді.
Қатысушылар колледжбен танысуға мүмкіндік алды. «Ашық есік күні» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін оқу жағдайларымен, білім беру бағдарламаларымен және колледждің инклюзивті ортасымен танысуға мүмкіндік беретін маңызды іс-шара болды.
Іс-шараға Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 100-ге жуық оқушысы қатысты.