Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының психологтары мен дефектологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

  • 13.06.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 24

9 маусымнан бастап «АИБД ҰҒПО» РММ-де психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының психологтары мен дефектологтарына арналған «Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды.
 
Курсқа еліміздің барлық өңірлеріндегі арнайы білім беру ұйымдарының 26 маманы қатысып отыр. 
 
Оқыту барысында балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған теориялық және практикалық тәсілдерін ұсынылады. Дәрістерде психологиялық-педагогикалық диагностика және аутизмі бар балаларға көмек көрсету мәселесіне заманауи тәсілдері қамтылды.
 
Оқытудың бірінші аптасында қатысушылар арнайы білім беру мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріндегі өзекті соңғы өзгерістер мен толықтырулармен танысты. «Аутизм спектрінің бұзылысы» және «аутизм» ұғымдары талқыланды. Сонымен қатар, мамандар балалардың туғаннан 3 жасқа дейінгі психикалық дамуының ерекшеліктерін қарастырды.  Аутизмі бар балалармен дамытушылық жұмысқа ата-аналарды тартуға ерекше назар аударылды.