Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар психологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды!
9 маусымда «АИБД ҰҒПО» РММ-де психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) психологтарына арналған оқыту басталды!
Курс тақырыбы — «Балалардың психикалық даму бұзылыстарын дифференциалды диагностикалау».
Оқудың алғашқы күнінен бастап біз практикалық дағдыларға баса назар аудардық: біздің лекторлар диагностика мен консультация берудің заманауи тәсілдері мен технологияларына ерекше көңіл бөледі. Бұл мамандарға балалардағы даму бұзылыстарының әртүрлі түрлерін нақты анықтауға көмектеседі.
✍Оқыту барысында келесі тақырыптар қарастырылады:
✅Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесіндегі ПМПК жұмысының негізгі бағыттары мен қағидаттары. Біз балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауда әлеуметтік-педагогикалық тәсілді қолданамыз.
✅Ерекше қажеттіліктері бар балалардағы психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстарды дифференциалды диагностикалаудың әдіснамалық тәсілдері.
✅Тиісті ауытқулардың клиникалық жіктелуі және психикалық дамудың бұзылыстары мен оқу қиындықтарын психологиялық-педагогикалық жүйелеу.