«Әлеуметтік-педагогикалық модель жағдайында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметі»педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы

  • 02.10.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 31

1. Жалпы ережелер

1. «Әлеуметтік-педагогикалық модель жағдайында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметі» атты педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (бұдан әрі – ПМПК) меңгерушілерін дәстүрлі аудиториялық форматта оқытуды реттейді.

2. ПМПК меңгерушілері үшін жекелеген біліктілікті арттыру курстарын өткізудің өзектілігі мен қажеттілігі инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беруді қажет ететін (бұдан әрі – ЕБҚ) балаларды тексеру және оларға консультация беру бойынша халыққа қызметтер көрсету сапасын арттыру жағдайларында консультациялар қызметін реформалаумен байланысты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII Заңына сәйкес ПМПК қызметі әлеуметтік-педагогикалық модель негізінде жүзеге асырылуы және білім беру ұйымдарында олар үшін арнайы оқу жағдайларын жасау мақсатында балалардың білім алуда ерекше қажеттіліктерін анықтауға бағытталуы керек. Меңгерушілер жаңа әлеуметтік-педагогикалық модель негізінде консультациялар қызметін ұйымдастыруда қиындықтарға тап болып, инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі жағдайында консультациялар жұмысының әртүрлі мәселелері бойынша біліктілігін арттыруды қажет етеді.

3. Білім беру бағдарламасы ПМПК меңгерушілерінің консультациялар қызметін негізгі бағыттар бойынша ұйымдастырудағы кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған: әлеуметтік-педагогикалық модель негізінде балаларды тексеру, консультация беру, білім алуда ерекше қажеттіліктерін анықтау (бағалау).

 

Толығырақ