Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

  • 12.04.2022
  • ННПЦ РСИО
  • 366

2022 жылғы 09 наруыздан бастап 19 наурызға дейін АИБД ҰҒПО «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті. Курстар психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары үшін ұйымдастырылды. Курс дәріскерлері: арнайы және инклюзивті мектепте білім беру зертханасының меңгерушісі И.Г.Елисеева, диагностика-кеңесс беру бөлімінің меңгерушіс А.К. Ерсарина, республикалық инклюзивті білім беру практикасын дамыту ресурстық орталығының әдіскері Е. В. Егорова.

Курс бағдарламасы бірқатар өзекті мәселелерді зерделеуді қамтыды: барлық оқушыларға ешқандай кемсітусіз сапалы білім беруді қамтамасыз ету, жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жаңартылған нормативтік құқықтық негізін талдау. «Ерекше білім беру қажеттіліктері» ұғымдары ашылды, дамуы бұзылған мектеп оқушылары үшін білім беру процесін ұйымдастырудағы «Медициналық және әлеуметтік-педагогикалық» тәсілдер қаралды.

Практикалық сабақтар барысында жалпы білім беретін мектепте оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу, жеке оқу бағдарламаларын, дамыту жұмыстарының жеке бағдарламаларын жасау үдерісінде тыңдаушылардың командалық өзара іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Тыңдаушылар ұйымдастырушыларға алғыстары мен ризашылықтарын білдіріп, курстарды, өзекті теориялық және практикалық мазмұны, балалармен жұмыс тәжірибесіне керектіматериалдары бар, дер кезінде,қажетті деп бағалады. Қатысушылар өз пікірлерін Орталықтың әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырды.