2022 жылдың 16-26 тамыз аралығында АИБД ҰҒПО «Арнайы ұйымдарындағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды писхологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты біліктілікті арттыру курстары өтті. Курстар психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мамандары мен мұғалімдер үшін ұйымдастырылған. Оқыту қазақ тілінде өтті.
Курс лекторы Ж.Б. Аханова бірқатар өзекті мәселелерді қозғады: барлық оқушыларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету, арнайы ұйымдарындағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жаңартылған нормативтік құқықтық негізін талдау. «Ерекше білім беруді қажет ету» тұжырымдамасын ашып түсіндірді, даму бұзылыстары бар оқушылардың оқу процессіндегі «медициналық және әлеуметтік-педагогикалық» тәсілдер қарастырылды.
Жалпы білім беретін мектептерде оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу, жеке оқу бағдарламасы және жұмысты дамытатын жеке бағдарламаларды әзірлеу барысында тындаушылардың ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру бойынша мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.
Тындаушылар өздерінің алғыстарын және ризашылықтарын білдіріп, курстарды заманауи, сұранысқа ие, өзекті мазмұны мен балалармен жұмыс істеу кезінде қажетті материалдары бар деп жоғары баға берді. Қатысушылар әлеуметтік желілердегі орталықтың парақшаларында өз пікірлерін жариялады.