Пресс-релиз

  • 09.09.2022
  • ННПЦ РСИО
  • 520

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» РММ 2022 жылғы 13 – 23 қыркүйек аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.

2022 жылғы  13 – 23 қыркүйек аралығында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығында ОО, ППТК меңгерушелері мен әдіскерлеріне арналған «Оңалту орталығы және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.

Курстың мақсаты:

1) Заманауи психологиялық-педагогикалық медициналық-әлеуметтік тәсілдер мен білім беру-түзету практикасы негізінде оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері басшыларының ұйымдастырушылық-басқарушылық шеберлігін жетілдіру;

2) ОО және ППТК басшыларының қазақстандық заңнама, іс жүргізу саласындағы негізгі құзыреттерін, оңалту орталығының өндірістік-әдістемелік қызметінің ерекшелігін қалыптастыру;

3) мүмкіндігі шектеулі бала мен олардың отбасыларының жеке-дамыту бағдарламаларын түсіну және стратегиялық жоспарлау, сондай-ақ олардың нәтижелілігіне мониторинг жүргізу.

Курс соңында тыңдаушылар:

1) отандық нормативтік базаның негізгі ережелерін түсінеді; мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте көмек көрсету кезінде әлеуметтік-педагогикалық модельді ұстанады;

2) ОО, ППТК өндірістік-әдістемелік қызметін талдайды және болжайды;

3) мүмкіндіктері шектеулі балалар мен олардың отбасыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жоспарлау мәселесі бойынша түсініктемелер, консультациялар алады.