Жалпы білім беру ұйымдарында сөйлеу тілінің күрделі кемістігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

  • 05.10.2022
  • ННПЦ РСИО
  • 546

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» РММ 2022 жылдың 4 – 14 қазан  аралығында жаспарланға іс-шаралар туралы хабарлайды.

2022 жылдың 4 -14 қазан аралығында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы жалпы білім беру ұйымдардың логопедтеріне практикалық  орталығында жалпы білім беретін мектептердің арналған  «Жалпы білім беру ұйымдарында сөйлеу тілінің күрделі кемістігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» атты біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курстың мақсаты:

1) әлеуметтік-педагогикалық модельге негізделген жалпы білім беретін мектептен пен сөйлеу қабілетінің күрделі кемістігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау және логопедтік көмек көрсету мәселелері бойынша логопедтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру,  ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары мен педагогтың кәсіби стандарты талаптарына сай;

2) нормативтік-құқықтық базаны жүйелі талдау процесінде ҚР Білім беру инклюзиясының өзекті міндеттерін түсінуге қол жеткізу;

3) инновациялық әдістерді қолдана отырып, арнайы ұйымдастырылған пәндік-дамытушылық ортада логопедиялық үдерісті зерттеу және жобалау бойынша қызмет шеңберінде негізгі іскерлікті қалыптастыру.

Курс аяқталған тындаушылар:

1) логопед-мұғалімнің құжаттарын жүргізу тәртібін біледі (командалық бағалау барысында бақылау хаттамасын / күнделігін толтыру, сөйлеу карта-хаттамасын жүргізу, логопедтік ұсынымдарды әзірлеу, оқу бағдарламаларын, түзету-логопедиялық процестің жоспарлары мен технологиялық карталарын ресімдеу);

2) сөйлеу қабілетінің күрделі бұзылыстары бар бала дамуының жалпы және ерекше заңдылықтары мен ерекшеліктеріне сәйкес инновациялық педагогикалық технологиялар, АКТ негізінде өзінің оқу-түзету, логопедиялық және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырады.

Сабақтар қазақ тілінде онлайн режимінде жүргізіледі.