Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында зиятында бұзылыстары бар білім алушыларға арналған арнайы мектепте білім беру процесін жобалау

  • 23.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 349

«Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ 2023 жылдың 26 маусымынан 5 шілде аралығында өткізілетін іс-шараларды жоспарлау туралы хабарлайды.

2023 жылдың 26 маусымынан 5 шілдеге дейін «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында зиятында бұзылыстары бар білім алушыларға арналған арнайы мектепте білім беру процесін жобалау» тақырыбында зиятында бұзылыстары бар білім алушылардың арнайы мектептері директорларының орынбасарлары үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

Курстардың негізгі мақсаты арнайы білім берудің медициналық парадигмасынан арнайы білім берудің әлеуметтік-педагогикалық парадигмасына көшуді ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру және оның мазмұны мәселелерінде арнайы мектептер директорлары орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.

Біліктілікті арттыру курстары келесідей міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:

- елдің арнайы мектептерінде білім беру процесін ұйымдастыруға «медициналық» тәсілден «әлеуметтік-педагогикалық» тәсілге көшудің өзектілігі мен заңдылығын негіздеу;

- тыңдаушыларды арнайы педагогиканың қазіргі даму үрдістерімен, оның ғылыми парадигмасының өзгеруімен таныстыру;

- арнайы мектептер директорларының орынбасарларын Қазақстан Республикасының заңнамасына және арнайы білім беру саласындағы нормативтік базаға енгізілген, зиятында бұзылыстары бар оқушылардың білім беру процесін ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық парадигмасына көшуге бағытталған өзгерістер туралы хабардар ету;

- әлеуметтік-педагогикалық тәсіл парадигмасында зиятында бұзылыстары бар оқушыларды оқыту және тәрбиелеу практикасының өзгеру үрдістерін талқылау;

- зиятында бұзылыстары бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қолданыстағы практикасына рефлексивті талдау жүргізу, мектептерді одан әрі дамыту бағыттарын, педагогтердің кәсіби құзыреттерін анықтау.

Курстар аралас (қашықтықтан және күндізгі) форматта өтеді. Мектептердің жұмыс тәжірибесімен алмасу жоспарлануда. Күндізгі форматтағы сабақтар интерактивтік: топтық жұмыс, кейс-стади әдістерін қолдана отырып өтеді. Тыңдаушылар өз тәжірибелерін дамытудың заманауи тәсілдерімен (Action research, Lesson Study) танысады.