Пресс-релиз

  • 20.06.2022
  • ННПЦ РСИО
  • 364

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми практикалықорталығы» РММ 2022 жылғы 20 – 30 маусым аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.
2022 жылғы 20 – 30 маусым аралығында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми практикалық орталығында ОО, ППТК меңгерушелері мен әдіскерлеріне арналған «Оңалту орталығы және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.
 
Курстың мақсаты:
 
1) Заманауи психологиялық-педагогикалық медициналық-әлеуметтік тәсілдер мен білім беру-түзету практикасы негізінде оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері басшыларының ұйымдастырушылық-басқарушылық шеберлігін жетілдіру;
2) ОО және ППТК басшыларының қазақстандық заңнама, іс жүргізу саласындағы негізгі құзыреттерін, оңалту орталығының өндірістік-әдістемелік қызметінің ерекшелігін қалыптастыру;
3) мүмкіндігі шектеулі бала мен олардың отбасыларының жеке-дамыту бағдарламаларын түсіну және стратегиялық жоспарлау, сондай-ақ олардың нәтижелілігіне мониторинг жүргізу.
Курс соңында тыңдаушылар:
 
1) отандық нормативтік базаның негізгі ережелерін түсінеді; мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте көмек көрсету кезінде әлеуметтік-педагогикалық модельді ұстанады;
2) ОО, ППТК өндірістік-әдістемелік қызметін талдайды және болжайды;
3) мүмкіндіктері шектеулі балалар мен олардың отбасыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жоспарлау мәселесі бойынша түсініктемелер, консультациялар алады.