Онлайн курстарды ұйымдастыру негіздері

  • 02.09.2021
  • ННПЦ РСИО
  • 683

АИБД ҰҒПО РММ-де онлайн оқыту бекітілген Операциялық жоспарға және біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

Тыңдаушылар тізімін құрастыру облыстық және/немесе қалалық, аудандық білім бөлімдерінен, сондай-ақ басқа заңды және жеке тұлғалардан курс тыңдаушыларының көрсетілген контингентіне сәйкес алынған өтінімдер негізінде іске асырылады. Курсқа жазылу тәртібімен https://special-edu.kz/kz/news/78 сілтеме бойынша танысуға болады.

Тыңдаушыларды курсқа қабылдау тыңдаушылар тізімінің негізінде директордың бұйрығымен ресімделеді. Курсқа жазылу кезінде тындаушылар қажетті тіркеу карточкасы, жеке куәлік көшірмесі, сауалнама құжаттарын толтырады. 

Курстар Zoom платформасын, WhatsApp қосымшасын, электрондық поштаны және басқа қол жетімді Интернет-ресурстарды қолдана отырып өткізіледі. Оқыту тыңдаушылардың бейне дәрістерге, вебинарларға міндетті түрде қатысуын, қорытынды бақылау жұмыстарына арналған тапсырмаларды (тесттер) уақытында орындауын талап етеді.

Ағымдағы жылға арналған курстардың тақырыбы мен мерзімі ресми сайттың «Біліктілікті арттыру курстарының жоспарлары» бөлімінде берілген. Курстардың білім беру бағдарламалары «Біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының жобалары» бөлімінде, ағымдық ақпарат бөлімінде берілген https://special-edu.kz/konfkz/ және де орталықтың әлеуметтік желілер парақшаларында орналастырады.

Оқытудың негізі бейне дәрістер мен вебинарлар. Дәріс слайдтармен, бейне роликтермен, құжаттармен және басқа да материалдармен бірге жүруі мүмкін. Курсқа байланысты бейнеқатар графикамен, басқа бейнелерге сілтемелермен, лекцияның түсінігін тексеруге немесе қаралған материалды бекітуге көмектесетін тест форматындағы бақылаумен толықтырылуы мүмкін. Бейне дәрістерге алдын-ала тыңдаушы өзі дербес оқуы керек қосымша материалдар қосылуы мүмкін. Бұл ғылыми журналдардағы мақалалар, фильмдер, кітаптар, фотосуреттер, таңдау бойынша қосымша дәрістер және т. б. болуы мүмкін.

Бейне-дәрістер белгілі бір тақырып бойынша Білім беру бағдарламасы мен курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес өткізіледі, белгілі бір уақытқа жоспарланады, сонымен бірге тыңдаушыларға онлайн дәрістің басталу және аяқталу уақыты алдын-ала көрсетіледі, қосылуға сілтеме жіберіледі. Бейне дәрістердің уақыты жалпы кемінде 72 академиялық сағатты құрайды (күніне 8 академиялық сағат).

Тыңдаушылар бүкіл курс барысында бейне-дәріс материалдарын оқиды, талқылауға белсенді қатысады, микрофон арқылы сұрақтар қоя алады, сонымен қатар чатқа түсініктеме жаза алады. Тыңдаушының экранда болуы міндетті талап болып табылады. Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылар тест, бақылау жұмысы және сынақ тапсырады.

Бақылау және сынақ жұмыстарын бағалау курстың Білім беру бағдарламасында көрсетілген өлшемдері бойынша жүргізіледі.

Сағат саны - 72 академиялық сағат. Біліктілікті арттыру курстары аяқталғаннан кейін тыңдаушыға курс тақырыбы бойынша, сағаттар көлемі және өту мерзімі көрсетілген  белгіленген үлгідегі сертификат беріледі. Онлайн оқытуда бюджеттік негізінде оқыған тындаушыларға сертификат беру тындаушының есебінен жүзеге асырылады, ақылы оқыту жағдайында пошта арқылы жіберу ұйымдастырылады.