Онлайн-курс тыңдаушыларына арналған ережелер

  • 02.09.2021
  • ННПЦ РСИО
  • 990

1. Осы Ереже АИБД ҰҒПО РММ - да біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларының онлайн- курстарына қатысу тәртібі мен талаптарын реттейді.

2. Тыңдаушылардың курстарға қатысуы: бюджеттік негізінде оқу жағдайында білім беру басқармасынан келген ресми хатымен, ақылы негізінде оқу жағдайында сұраныс және келісімшартпен расталуы тиіс. Курсқа қабылданған кезде қатысушылар барлық қажетті құжаттарды: тіркеу карточкасын, жеке куәліктің көшірмесін, қатысушының сауалнамасын толтырып, тапсыруы керек.

3. Тыңдаушылардың ақпараттық хатта көрсетілген онлайн оқытуға арналған барлық ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері болуға тиіс, атап айтқанда: қатысушының ДК (ноутбук, компьютерлік мультимедиа жабдығы (веб-камера, құлаққап/гарнитура) болуы; Интернетке қол жеткізу, Zoom платформасын, веб-браузерлерді, WhatsApp мессенджерін, электрондық поштаны пайдалану.

4. Қатысушылар курстан өту кезінде телефон арқылы және WhatsApp чат арқылы байланысу үшін қолжетімді болуы керек.

5. Онлайн дәрістерге сілтемелер тыңдаушылардың жалпы чатына алдын-ала жіберіледі. Сілтемелерде дәрістің уақыты көрсетіледі және дәріске кіру басталуға 10-15 минут қалғанда жүзеге асырылады. Қатысушылар дәріске алдын ала кіруі керек, кешігіп келген қатысушыларға кіруге тыйым салынады. 

6. Онлайн дәріске қол жеткізу қатысушылардың тізімі бойынша жүзеге асырылады. Никтер мен қатысушылардың профильдерінде өзінің тегі мен атын көрсетуі қажет. Никтер мен профильдері қойылмаған және/немесе тыңдаушылар тізіміне енгізілмеген қатысушыларға дәріске кіруге тыйым салынады. 

7. Онлайн конференцияларға (дәрістерге) қатысу міндетті және белсенді болуы керек: қатысушылардың камералары бүкіл дәріс барысында қосылулы болулары тиіс. Оқытушы дәріс оқыған кезде қатысушылардың микрофондары өшірілуі керек. Тыңдаушылар микрофондарды алдымен оқытушыдан рұқсат сұрап және/немесе оқытушының өтініші бойынша курстың тақырыбына қатысты сұрақтар қою үшін қоса алады.

8. Курстарда оқудың міндетті талабы бақылау және сынақ жұмыстарына арналған тапсырмаларды және де оқытушылар беретін жеке тапсырмаларды орындау қажет. Орындалған тапсырмалар қатаң белгіленген уақытта курстардың поштасына жіберілуі керек. Тапсырмалардың орындалмауы, жауаптардың болмауы және/немесе уақытында жіберілмеуі – материалдың игерілмегені және курс сағаттарын толық орындалмағаны ретінде бағаланады. ⠀

9. Біліктілікті арттыру курстары аяқталғаннан кейін курс сағаттарын толық орындаған тыңдаушыға курс тақырыбы бойынша мерзімі мен сағаты көрсетілген (белгіленген үлгідегі) сертификат беріледі. Курс онлайн оқытылған жағдайда сертификатты жіберу тыңдаушының есебінен жүзеге асырылады, ақылы негізінде оқыған тындауларға поштамен жіберіледі. Курсқа қатысу ережелерін бұзған тыңдаушылар курстардан шығарылады. Бұл жағдайда курстан өткендігі туралы сертификат берілмейді.