Республикалық педагогикалық шеберлік конкурсында арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтері анықталады

  • 18.04.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 11

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ арнайы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған конкурсы басталғанын жариялайды.
  Қатысушылар 9 номинация бойынша сынға түседі. I кезең (іріктеу) облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент) деңгейінде өткізіледі. Конкурстың II кезеңі (финал) облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың бірінші кезеңінің жеңімпаздары арасында әр номинация бойынша өткізіледі. Өткізу түрі – онлайн. 
  Конкурсқа арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады. Байқау педагогикалық еңбектің беделін арттырып қана қоймай, тәжірибе алмасуға, жеке тұлғаның әлеуметтік-кәсіби құзыреттілігін дамытуға және педагогтердің шеберлігіне бағытталғанын атап өту маңызды.
❕Естеріңізге сала кетейік, байқау жыл сайын өткізіледі. Толық ақпаратты сілтеме арқылы сайттан алуға болады. special-edu.kz немесе https://special-edu.kz/kz/news/82/single/949